TCP хаттамасы(жазылып жатыр)

Кіріспе

RFC 9293 құжаты TCP хаттамасының осы мақаланы жазу кезіндегі стандарты болып келеді. Бұл құжат 793, 879, 2873, 6093, 6429, 6528, 6691, 1011, 1122, 5961 және 3168-інші RFC-лерді жинақтайды/жаңартады.

Протокол Сипаттамасы

> TCP Тақрыптамасы

TCP сегменттері IP хаттамасына сай қапталған датаграммалар ретінде тасымалданады. Әр сегменті кемінде 192 биттен, яғни 5 32 биттік сөзден тұратын тақырыптамадан басталады.

>> TCP тақырыптамасының өрістері

Жіберу және қабылдау порттары — 16 биттік екілік сандар. Бұл биттер сегментті жіберген және қабылдайтын бағдарламалардың порттарын көрсетеді.

Реттік саны — 32 биттік екілік сан. Сегменттегі алғашқы ақпараттық байтының нөмірі. Бағдарламалар бұл нөмірлерді сегменттердің жеткізілуін және дұрыс жиналуын бақылау үшін қолданады.

Растау саны — 32 биттік екілік сан. Келесі сегменттің алғашқы ақпараттық байтының нөмірі. Хаттама қайтадан жіберуді осы тақырыптама арқылы алғашқы жоғалған байттың нөмірін берумен жүзеге асырады.

Ақпараттық ығысу(Data Offset, DOffset) — 4 биттік екілік сан. Тақырыптамадағы 32 биттік сөздердің саны. Ақпараттың басын крсетеді.

Қор(Reserved, Rsrvd) — 4 биттік сан. Болашақта қолдануға арналған қосымша биттер. Әдетте 0-ге тең және де бағдарламалар оларды елемейді.

Басқару биттері немесе жалаулар(flags) — бағдарламалардың TCP сегменттерін өңдеу кезіндегі әрекеттерін басқаратын 8 биттік сан. Әр биттің өз мақсаты бар.

+ CWR — Congestion Window Reduced(Кептеліс Терезесі Қысқартылды) биті

+ ECE — ECN-Echo биті

+ URG — Шұғалдылықты көрсету биті

+ ACK — Растау биті

+ PSH — Push функциясының(RFC9293-тің 3.9.1 секциясын қара) биті

+ RST — Байланысты доғару биті

+ SYN — Реттік санды сәйкестендіру биті

+ FIN — Жіберіліп жатқан ақпараттың аяқталуының биті

Терезе

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top