TCP хаттамасы(жазылып жатыр)

Кіріспе

RFC 9293 құжаты TCP хаттамасының осы мақаланы жазу кезіндегі стандарты болып келеді. Бұл құжат 793, 879, 2873, 6093, 6429, 6528, 6691, 1011, 1122, 5961 және 3168-інші RFC-лерді жинақтайды/жаңартады.

Протокол Сипаттамасы

> TCP Тақрыптамасы

TCP сегменттері IP хаттамасына сай қапталған датаграммалар ретінде тасымалданады. Әр сегменті кемінде 192 биттен, яғни 5 32 биттік сөзден тұратын тақырыптамадан басталады.

 0                   1                   2                   3
 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 1
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+
|         Жіберу порты          |        Қабылдау порты         |
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+
|                       Реттік саны                             |
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+
|                       Растау саны                             |
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+
|       |       |C|E|U|A|P|R|S|F|                               |
|DOffset| Rsrvd |W|C|R|C|S|S|Y|I|           Терезе              |
|       |       |R|E|G|K|H|T|N|N|                               |
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+
|           Checksum            |    Шұғылдылық көрсеткіші      |
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+
|                       [Қосымшалар]                            |
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+
|                                                               |
:                         Ақпарат                               :
:                                                               :
+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+-+

1-ші бейне: TCP тақырыптамасының схемасы

>> TCP тақырыптамасының өрістері

Жіберу және қабылдау порттары — 16 биттік екілік сандар. Бұл биттер сегментті жіберген және қабылдайтын бағдарламалардың порттарын көрсетеді.

Реттік саны — 32 биттік екілік сан. Сегменттегі алғашқы ақпараттық байтының нөмірі. Бағдарламалар бұл нөмірлерді сегменттердің жеткізілуін және дұрыс жиналуын бақылау үшін қолданады.

Растау саны — 32 биттік екілік сан. Келесі сегменттің алғашқы ақпараттық байтының нөмірі. Хаттама қайтадан жіберуді осы тақырыптама арқылы алғашқы жоғалған байттың нөмірін берумен жүзеге асырады.

Ақпараттық ығысу(Data Offset, DOffset) — 4 биттік екілік сан. Тақырыптамадағы 32 биттік сөздердің саны. Ақпараттың басын крсетеді.

Қор(Reserved, Rsrvd) — 4 биттік сан. Болашақта қолдануға арналған қосымша биттер. Әдетте 0-ге тең және де бағдарламалар оларды елемейді.

Басқару биттері немесе жалаулар(flags) — бағдарламалардың TCP сегменттерін өңдеу кезіндегі әрекеттерін басқаратын 8 биттік сан. Әр биттің өз мақсаты бар.

+ CWR — Congestion Window Reduced(Кептеліс Терезесі Қысқартылды) биті

+ ECE — ECN-Echo биті

+ URG — Шұғалдылықты көрсету биті

+ ACK — Растау биті

+ PSH — Push функциясының(RFC9293-тің 3.9.1 секциясын қара) биті

+ RST — Байланысты доғару биті

+ SYN — Реттік санды сәйкестендіру биті

+ FIN — Жіберіліп жатқан ақпараттың аяқталуының биті

Терезе

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top